Алматыда белгісіз біреу "миналаған" мектеп саны 34-ке жетті

0
2 480

​Таңертең 12 мектептің әкімшілігі белгісіз біреу ақша бермеген жағдайда оқу орнын жарып жіберетіні туралы хабарлама алғаны туралы ақпарат тараған.


Алматыда белгісіз біреу

ERNUR.KZ. Алматыдағы жалған терроризм шабуылының ауқымы өсті: түнде белгісіз біреу мектептердің электронды поштасына ақша бермеген жағдайда білім ордасын жарып жіберетіні туралы хабарлама жолдаған, деп жазады sputniknews.kz.

"Таңертең мұндай хабарлама 12 мектепке жіберілгені белгілі болды. Ал қазір олардың саны 34-ке жетті", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық мектепте сабақтар тоқтатылып, саперлар ғимаратты тексеріп жатыр.

Қазір 34 мектептің 18-і тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Жалған терроризм үшін қандай жаза қарастырылады

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Мұндай қылмыс үшін 5 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салу көзделген немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Аталған қылмыстың бұл түрі үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылады.

Сонымен қатар хат жолдаған адамның кім екенін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.