Алматыда бірден екі оқ-дәрі қоймасы табылды

0
785

Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 патроны табылды.


Алматыда бірден екі оқ-дәрі қоймасы табылды

Алматыда бірден екі оқ-дәрі қоймасы табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 патроны табылды.

"Екінші қойма Алатау ауданындағы шөлейттен табылды. Құлаған ағаштың тамырына “Макаров” тапаншасының 40 патрондары салынған полиэтилен пакеті жасырылған. Табылған оқ-дәрілер осы жылдың қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.