Алматыда бітімгерлер дайындайтын Қазақстан - Үндістан сыныбы ашылды

0
843

Прабхат Кумар Қазақстан Үндістанның қорғаныс саласындағы негізгі серіктесі екенін атап өтті.


Алматыда бітімгерлер дайындайтын Қазақстан - Үндістан сыныбы ашылды

ERNUR.KZ. Алматдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің бітімгерлер дайындайтын орталығында Қазақстан-Үндістан сыныбы ашылды. Бұл шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы қорғаныс және бітімгершілік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде ұйымдастырылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар мырза, сондай–ақ, әскери дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні орталықта Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік күштері оқудан өтіп жатыр. Тәжірбиелі нұсқаушылар жауынгерлік дайындық бағдарламасы бойынша психологиялық және ағылшын тілі тестінен, теория мен практикадан өтетін әскери қызметкерлермен жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Барлық дайындық халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Әр түрлі бітімгершілік миссияларда болған әскери қызметшілер де өз тәжірибелерін болашақ бітімгершілік күштерге үйретуде.

Сонымен қатар, екіжақты кездесу барысында генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Прабхат Кумар мырза үнді контингенті құрамындағы қазақстандық бітімгершілік компанияның БҰҰ миссиясына қатысуын, сондай-ақ қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

«Біз үнді тарапынан қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік миссияларына практикалық қатысу жоспарларын жоғары бағалаймыз. Осы тұрғыда алғашқы бірлескен қазақстан-үнді бітімгершілік аудиториясының ашылуы Қазақстанның бітімгершілік әлеуетін нығайту тарихының шежіресінде жазылатын болады. Бұл қадам Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволарының бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында қарым-қатынасты одан әрі дамытуға деген қызығушылығын растайды», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Өз кезегінде, Прабхат Кумар Қазақстан Үндістанның қорғаныс саласындағы негізгі серіктесі екенін атап өтті және кәсіби шеберлік пен жауынгерлік даярлықты жоғары бағалады.