Алматыда 9-сынып оқушысы мектепте баллонды бұрыш спрейін шашып, 7 бала зардап шеккен еді.
ERNUR.KZ. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баллонды бұрыш спрейінен зардап шеккен оқушылардың жағдайын айтып берді, деп жазады stan.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, 3 бала шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылған.
Сондай-ақ, үшеуінің де жағдайы орташа қалыпты. Оларға дәрігерлер тарапынан барлық медициналық көмек көрсетіліп жатқаны да айтылған ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 9-сынып оқушысы мектепте баллонды бұрыш спрейін шашып, 7 бала зардап шеккен еді.