Оқиға 29 наурызда дәретханада үзіліс кезінде болған.
ERNUR.KZ. Алматыдағы N96 мектепте бұрыш спрейі шашылғанның салдарынан 7 оқушы ауруханаға түсті, деп жазады zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 наурызда дәретханада үзіліс кезінде болған.
"9-сынып оқушысы бұрыш спрейін шашып, бұл жақын маңдағы оқушылардың реакциясын тудырды. 7 оқушы емделуге ауруханаға жеткізілді".Алматы ПД баспасөз қызметі
Осы факті бойынша Алмалы ауданы ППБ оқушының ата-анасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабына сәйкес шара қолданады.
Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.