Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы дәрігердің өліміне қатысты күдікті ұсталған сәттің видеосын жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұған дейін қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болғаны хабарланған еді. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.
Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растаған.
Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.