Алматыда дүкен күзетшісі қару ұрлағаны үшін ұсталды

0
654

Тінту кезінде 300 мм және 5,6 мм калибрлі екі мылтықты карабин, сонымен қатар, 410 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.


Алматыда дүкен күзетшісі қару ұрлағаны үшін ұсталды
ERNUR.KZ. Алматы облысының 42 жастағы тумасы бұрын мүліктік қылмысы үшін сотты болған. Оны тұрғылықты жері бойынша Түрксіб ауданында ұстады, деп жазады Zakon.kz.

Тінту кезінде 300 мм және 5,6 мм калибрлі екі мылтықты карабин, сонымен қатар, 410 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.

"Тергеу барысында ұсталған азамат осы заттардың барлығын 5 қаңтарда ауданымызда орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрлағаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.