Алматыда екі емхананың вакцинация паспортын сатқаны анықталды

0
420

Қазір тергеу жүріп жатыр.


Алматыда екі емхананың вакцинация паспортын сатқаны анықталды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында вакцинация паспорттарын сату ісі бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өкінішке орай, бұл фактілер екі емханада расталды. Екеуі де құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймыз. Ақпарат алған күні өздеріңізбен бөлісеміз»,- деді Алматының бас дәрігері.

Спикердің айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық емханаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынды», - деп түйіндеді Нариман Табынбаев.