Қонақ үйде жалпы сыйымдылығы 215 төсек-орын, оның ішінде 34 қарқынды терапия мен реанимация бар.
ERNUR.KZ. RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы, деп жазады baq.kz.
Қонақ үйде жалпы сыйымдылығы 215 төсек-орын, оның ішінде 34 қарқынды терапия мен реанимация бар. Бақылау мен сұрыптау бокстары, ота жасау және емханалық бөлімшелер қарастырылған, - деп жазды әкім.Барлық үй-жай бөлек кіретін және зарарсыздандыру жүйелері бар үш аймаққа бөлінеді. Таза ауа айналымы үшін теріс қысымы бар жүйе қарастырылған. Бұл персоналдың жұқтыру қаупін азайтады.
Госпитальдар заманауи жабдықтармен, соның ішінде КТ және рентген аппараттарымен, УДЗ, ӨЖЖ, сондай-ақ медициналық газдар жүйесімен жабдықталады. Түркиядан келетін дәрігерлерді қоса алғанда, медициналық қызметкерлер құрамы дайын. Мұндағы тағы бір ерекшелік, 90 минуттың ішінде КВИ-тестінің нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін жеке ПТР зертханалары бар. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін госпитальдарды 1 қазанға дейін ашу жоспарлануда, - деп жазды Сағынтаев.