Алматыда экологиялық митинг өтіп жатыр

0
819

Митинг қала билігімен келісілген, оған қазір екі жүзге жуық адам жиналды


Алматыда экологиялық митинг өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда экология үшін митинг басталды. Алматы орталығындағы Шоқан Уәлиханов алаңына журналистерді қосқанда 200-ге жуық адам жиналды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жиналғандар арасында белсенді экологтар, соның ішінде Мэлс Елеусізов бар.
Митингіге қатысушылардың талабы - қалада қызу құрылысты бәсеңдету, жылу электр орталығын газға ауыстыруды жеделдету, экологияны жақсарту үшін бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану және азаматтарға ауаның ластануы туралы шынайы және нақты ақпарат беру.
Белсенділер демалыс күндері адамдардың серуендеуі үшін қаланың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын тоқтатуды сұрады.
Олардың айтуынша, қала басшылығы бірнеше жыл бұрын трамвайды тоқтату кезінде қателік жіберген.