Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталды

0
458

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жүргізушілердің өтуіне кедергі жасап, апатты жағдай туғызған ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталды.


Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жүргізушілердің өтуіне кедергі жасап, апатты жағдай туғызған ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталды.

«Мас ер адамды жол жиегінен арыққа лақтырып жіберген шетелдік көлік жүргізушісі анықталып, жауапқа тартылды. Ол – 1988 жылы туған Н.есімді азамат. Ал 28 жастағы П. есімді азаматтың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, оқиға видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кейін тәртіп сақшылары жол жүрісіне кедергі келтірген 28 жастағы алматылық азаматтың орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғанын анықтады. Ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның 615 және 440-баптары бойынша жауапқа тартылды.