Алматыда ер адамды ұрлап, жалдамалы пәтерде күш қолданып ұстаған бопсалаушылар ұсталды

0
565

40 жастағы алматылық азаматты ұрлап, жалдамалы пәтерде ұстап, күш қолданып, одан 1 миллион теңге бопсалаған үш адам ұсталды.


Алматыда ер адамды ұрлап, жалдамалы пәтерде күш қолданып ұстаған бопсалаушылар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда ер адамды ұрлап, жалдамалы пәтерде күш қолданып ұстаған бопсалаушылар ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, 40 жастағы алматылық азаматты ұрлап, жалдамалы пәтерде ұстап, күш қолданып, одан 1 миллион теңге бопсалаған үш адам ұсталды. Күдіктілер алдымен оның ұялы телефоны мен алтын шынжырын тартып алған.

"Мұндай сома Г. есімді азаматта болмаған. Сол кезде қаскөйлер, жәбірленушіден ақшаны таныстарынан алуды талап еткен. Жәбірленуші жолда патрульдік көлікті көріп, көмек сұрап айқайлай бастаған. Күдіктілер қашқан, бірақ қолға түсті. Олар 28 жастағы Ф. есімді Алматы облысының тұрғыны, 29 жастағы С. есімді азамат және 27 жастағы Ж. есімді азамат. Екеуі де Шығыс Қазақстаннан. Күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Бопсалау) және ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі (Адам ұрлау) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сондай-ақ полицияда, ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.