Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды

0
753

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы мен М.Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мегаполис аумағында бірқатар ұрлық жасаған 50 жастағы Я. есімді ер адамды ұстады.


Алматыда әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы ұсталды

ERNUR.KZ. Әйелдерше киініп алған пәтер тонаушы алматылықтардың үйінен құны төрт миллион теңге тұратын бағалы заттарды ұрлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы мен М.Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мегаполис аумағында бірқатар ұрлық жасаған 50 жастағы Я. есімді ер адамды ұстады.

«Күдікті пәтерлерге кілтті таңдау арқылы кіріп, негізінен зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кетіп жүрген. Ол бірнеше рет бейнекамераға түсіп қалған. Күдікті іс-әрекетін өзгертуді ұйғарып, үстіне әйелдердің киімін, басына парик кие бастаған. Оның соңғы жасаған қылмысы қараша айының басында тіркелді. «Жетісу-2» шағын ауданында пәтерден 4 миллион теңге болатын бағалы заттарды алып шыққан. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас 8 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған күдікті Ресейдің тумасы, бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған. Ол тергеу барысында қамауда отырады.
Қазір күдіктінің бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.