Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізіледі - Бекшин жауап берді

0
2 430

10 наурызда Алматы «қызыл» аймаққа енді.


Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізіледі - Бекшин жауап берді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қандай жағдайда толықтай карантинге жабылатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Жандарбек Бекшин шектеу шараларын жалғастыру керектігін баса айтты.


«Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 5000 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезең ішінде барлық төсек-орындарды толығымен аламыз. Бұған жол беруге болмайды. Егер күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Уақтылы шаралар қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз - бұған жол бермеу», - деді ол ZOOM конференциясы барысында.


Еске салайық, 10 наурызда Алматы «қызыл» аймаққа енді. Карантин режимі қалада 13 наурыздан бастап күшейтілді. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис мектептерінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайтынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, өткен демалыс күндері, яғни 13 және 14 наурызда, қалада қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.