Алматыда қара базарлар жабылады

0
978

Бұл ақпаратты жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.​


Алматыда қара базарлар жабылады

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, астанада, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар – Алматы мен Шымкент аумағында стационарлық емес әмбебап сауда базарлары жабыла бастайды, деп жазады egemen.kz.

«Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, үш ірі мегаполисте ғана емес, сонымен қатар халқының саны 100 мың адамнан асатын облыстық маңыздағы барлық қалада стационарлық емес әмбебап сауда базарларының жұмыс істеуіне жол берілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Бұл талап, министрліктің түсіндірдіруінше, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының талабына сәйкес жасалуда. Енді алдағы уақытта талап күшейтіледі. Базарын жаппаған немесе қайтадан ашып алған кәсіпкерлерге ескерту түріндегі әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн, бір жыл iшiнде қайта тексеріледі. Егер жабылып қалмағаны белгілі болса, онда үлкен айыппұл салынады және базар күштеп таратылып бұзылады. Айыппұл көлемі сауда базарының әкімшілігі немесе меншік иесі кәсіпкерліктің қандай нысанында жұмыс жасап келгеніне байланысты болмақ. Егер шағын кәсіпкерлік нысанына жатса, 65 АЕК (2019 жылғы шамасы 164,1 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалайды. Орта кәсіпкерлік нысанының жазасы бұдан екі еседей ауырлау – 120 АЕК (303 мың теңге).

Бұл бастаманы «Атамекен» ҰКП ілгерілетуде. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мәліметінше, қазіргі кезде Қазақстанда 699 базар жұмыс жасауда.

Қалай болғанда, Үкімет өркениетті сауданы жаппай жолға қоюды таңдағанға ұқсайды.