Мониторингтік топтар 4000-нан астам нысанды тексерген.
ERNUR.KZ. Қараша, желтоқсан айларында Алматыда карантин талаптарын бұзғандарға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Хабар24.
Мониторингтік топтар 4000-нан астам нысанды тексерген. Нәтижесінде 945 санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтамау дерегі тіркелді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай 170 заңды және 530 жеке тұлғаға жиыны 770 әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, айыппұл салынған.