Алматыда қараусыз жүрген 200-ден астам бала ұсталды

0
1 175

​Алматыда 21-31 наурыз аралығында кәмелетке толмағандар арасында жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІД қызметі мен мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жалпы қалалық «Мерекелер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Baq.kz.


Алматыда қараусыз жүрген 200-ден астам бала ұсталды

Алматыда 21-31 наурыз аралығында кәмелетке толмағандар арасында жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ІІД қызметі мен мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жалпы қалалық «Мерекелер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, - деп хабарлайды Baq.kz.

«Шараның нәтижелі өтуі үшін білім беру мекемелері, прокуратуралар, ата-аналар комитеті, педагогикалық ұжымдар, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты және ІІД-нің басқа да қызметі жұмылдырылды», - дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ләйлә Әліпбаева.

Жедел-профилактикалық шара аптасында 237 кәмелетке толмағандар әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына жіберілді. Соның ішінде 223 әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы тіркелді. Қараусыз және қорғансыз жүрген 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Сондай-ақ, қаладағы сауда орындарында кәмелеттік жасқа толмағандар алкогольді ішімдік пен темекі бұйымдарын сатқан 7 жағдай тіркелді.

«Ұсақ бұзақылық жасаған 20 жасөспірім ұсталды. Бұдан басқа, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз демалыс орындарында және үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған балаларды іздеуге 206 ата-ана қатысты. 29 құқық бұзушы жасөспірім және 30 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы анықталып, тіркеуге қойылды», - дейді полиция полковнигі.