Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты

0
455

Қаржы пирамидасының басшысы 9 жыл 6 айға сотталды.


Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданының соты қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі қарады, деп жазады sputnik.kz.

Сотта 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың қарашасына дейін бұрын екі рет сотталған азамат қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны белгілі болды.
Содан кейін ол серіктестікке тағы сегіз адамды тартып, олармен бірге "I" ЖШС мен "G" ЖШС-ны тіркеген. Сонымен бірге бұл "ұйымның" Астана, Тараз, Ақтау, Қарағанды, Семей қалаларында бірнеше филиалы болған.
"Лицензиясы жоқ аталған ЖШС-лар салымшыларды тартумен, оларға валюта нарығында ойдан шығарылған инвестициялық операцияларды ұсынумен айналысқан. Салдарынан 209 адам 931 миллион 672 мың теңге көлемінде шығынға ұшыраған", - деп хабарлады сот.
Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы барлығын ашық мойындады. Сот мұны жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.
Нәтижесінде қаржы пирамидасының басшысы 9 жыл 6 айға сотталды. Қалған айыпталушылар 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.