Ұлының айтуынша, осыдан 8 жыл бұрын әкесі басынан қатты жарақат алған. Содан бері ара-тұра есін жоғалтып алады.
Алматы қаласында қоқыс төгуге шыққан зейнеткер із-түссіз жоғалды. Туған-туыстары оны 17 маусымнан бері таппай жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
63 жастағы Хумархан Сейітмұрат кешкі сағат 17:00-де үйінен қоқыс шығаруға кеткен. Бірақ қайтып оралмаған. Ұлының айтуынша, осыдан 8 жыл бұрын әкесі басынан қатты жарақат алған. Содан бері ара-тұра есін жоғалтып алады. Үстінде қара түсті спорт киімі болған.
"Бүгін 11-күн болды. 102-ге хабарластық, олар да іздеп жатыр. Полиция да, еріктілер де жұмылдырылды. Өзіміз де іздеп жатырмыз, бірақ нәтиже жоқ. Көмек сұрауға келдік. Әкемді көрген кісі болса, хабарласуын сұраймыз", – дейді Еркебұлан Сейітмұрат.