Алматыда көлік ұрысын полицейлер құтқарып қалды

0
498

Полиция қызметкерлері қашқын-көліктің терезесін сындырып, жас жігітті құтқаруға тырысқан.


Алматыда көлік ұрысын полицейлер құтқарып қалды
ERNUR.KZ. Оқиға бүгін таңғы 4:50 шамасында Шығыс айналма жолында орын алған, деп жазады zakon.kz.


Ол көлік ұрлап, жол апатын жасады.

Оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында болды. Полицейлер жоғары жылдамдықпен жүрген көлікті байқап, тоқтатпақ болғанда ол бағынбай, қаша жөнелген екен. Полиция қызметкерлері қашқын-көліктің терезесін сындырып, жас жігітті құтқаруға тырысқан.

"Полиция көліктің артына түсіп, қуып жетпек болды. Жылдамдықты тым асырған Hyundai Accent жүргізушісі алдындағы көлікке қатты соғылды. Соққыдан қауіпсіздік дорбасы атылғанда, жүргізуші есінен танған, ал оның аяғы газдың педалінде қалған. Полицейлер көліктің есігін ашып, жас жігіттің өмірін құрқаруға тырысты. Терезесін ақыры сындырып, көлікті тоқттатты", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ұсталған жүргізуші Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК 200 бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жалғасуда.