Алматыда коронавирусты емдеген жеке клиника жауапқа тартыла ма?

0
596

Неше күннен бері қоғам белсенділері мен журналистер Денсаулық сақтау министрлігі мен Алексей Цойді тегтеп, жеке клиникаға араша түсу жөнінде жазба жариялап жатыр.


Алматыда коронавирусты емдеген жеке клиника жауапқа тартыла ма?

ERNUR.KZ. Желіде белсенді талқыланып жатқан осы мәселемен Денсаулық сақтау министрлігі таныс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп жазады baq.kz.

"Неше күннен бері қоғам белсенділері мен журналистер Денсаулық сақтау министрлігі мен Алексей Цойді тегтеп, жеке клиникаға араша түсу жөнінде жазба жариялап жатыр. Министрлік бұл мәселемен таныс және вируспен күреске үлес қосқан әр дәрігер, медициналық мекемеге алғыс білдіреді. Алайда, ескеретін бір жайт бар. Ол - санитарлық норма. Мұны ойлап тауып, бекіткен Қазақстан емес. ДДСҰ ұйымының талаптарына сәйкес, әр аурухана мен стационарда қызыл зона, қауіпті аймақтар белгіленген. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда өзге тұрғындар мен мекемеге басқа диагнозбен келген пациенттерге жұқтыру қаупі артады. Сондықтан санитарлық дәрігерлердің тексеруін орынсыз дей алмаймыз", - деді Бағдат Қожахметов.

Сондай-ақ, ол жеке клиникаға қатысты қандай үкім шығарылатынын, істің қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік сипат алатыны туралы комментарий бермеді. Тек денсаулық сақтау министрлігі бұл істе ортақ шешімге келуге тырысатынын атап өтті.