Алматыда көшелердің бірінде белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды

0
374

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөісті.


Алматыда көшелердің бірінде белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп жазады stan.kz.

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөісті.

"Таусамалы ауылы, "Монтажник" СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды", - делінген жазбада

Қоғам белсендісі тұрғындардың шошынып жатқанын жеткізді.

"Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты", "Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады", "Балалар көріп, қорқып кетті", – деген жұртшылық.

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда", - деп хабарлады полиция.