Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды

0
405

Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған.

Бірақ QR-кодты сканерлеген кезде қыздың Ashyq қосымшасы "қызыл" мәртебе көрсеткен.

"Тұрғынға қатысты оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданы бойынша санитария дәрігерлері ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Баптың санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтарды 14 күндік карантин режимін сақтауға шақырамыз. Бұл тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тарауын азайтуға және "жасыл" аймақта тұрақты түрде қалуға мүмкіндік береді", - деді Сәдуақас Байғұбылов портал тілшісіне.