Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты бір айға жуық қашықтан оқиды, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы қаласы білім басқармасы мәліметінше, №172 мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында қызылша анықталған. 20 қыркүйекте мектепте Алматы қаласы Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары комиссия өткізді. Мектеп әкімшілігіне қызылшаға қарсы вакцина алмаған бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін (инкубациялық кезең) қашықтан оқыту режиміне көшіру ұсынылды.
"№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын (1-4) онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген", - делінген басқарма хабарламасында.
Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін мәлімдеді.