Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

0
777

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған.


Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше оқыс оқиға түн ортасында болған, деп жазады baq.kz.

«Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Hyundai автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлерінің тоқта деген талаптарына көлік жүргізушісі мән бермей, керісінше олардан қаша жөнелген.

Бірден радиостанса арқылы патрульдік жасақтарға көрсетілген көлікке бағдар берілді және оның қозғалысының координаттары дереу таратылды. Талғар қаласы бағытындағы экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатуға тырысқан, алайда ол тоқтамастан, инспекторды толық жылдамдықпен қағып кетті.

Екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің зақымдануы, бас сүйегінің жабық жарақатымен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған У.есімді азамат. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.