Үзіліс уақытында студенттер тобы колледжде білім алушылардың бірін қорлаған.
ERNUR.KZ. Алматыда медициналық колледж студенттері жаппай төбелес ұйымдастырған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Қала колледждерінің бірінде студенттер арасында болған төбелес туралы хабар полицияға 12 желтоқсан күні түседі.
«Үзіліс уақытында студенттер тобы колледжде білім алушылардың бірін қорлады. Осы факті бойынша оқу орнының әкімшілігі жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жанжал шешілді. Колледж директоры мен төбелес ұйымдастырған студенттерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, Алматы қаласының әкімшілік сотына жіберілді», - деп хабарлайды Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.