Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

0
664

Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлім етті.


Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматыда митинг өткізуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Адамдар көптеп шоғырланатын орындардың бірі - митинг. Сондықтан, оны ұйымдастыруға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Митинг және басқа да жиындарға бір айдай тыйым болған жоқ. Өйткені ауру көрсеткіші төмен еді. Қазір індеттің таралуы көтеріле бастады. Сондықтан осы мәселеге назар бөліп, тыйым салуды қарастырып жатырмыз, – деді ол.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлім еткен еді.