Алматыда нотариусқа 1,8 миллиард теңгеге заңсыз операция жасады деген айып тағылды

0
555


Алматыда нотариусқа 1,8 миллиард теңгеге заңсыз операция жасады деген айып тағылды

ERNUR.KZ. Алматылық нотариус кәсіпкерге 1,8 миллиард теңгені заңсыз шығаруға көмектескені үшін айыпталып отыр, деп жазады Tengrinews.kz.

2019 жылы 23 желтоқсанда нотариус "И" өзінің атқару жазбасымен "К" ЖШС-дан "М" пайдасына жалақы бойынша 1 805 097 937 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алғаны анықталды.

Талдау нәтижесі "М"-нің өзі ай сайынғы жалақысы 40 миллион теңгеден асатын аталған ЖШС-нің 100 пайыз құрылтайшысы екенін көрсетті.


"Мәміленің күмәнді екендігіне және Медеу аудандық сотының 16.08.2019 жылғы сот шешімінің болуына қарамастан, онда "М" жалақыны өндіріп алудан бас тартты, ал нотариус заңсыз атқарушылық жазба жасады (кейіннен атқарушылық іс жүргізу қозғалды)", - делінген хабарламада.


"Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңының 100-бабына сәйкес жалақыны өтеу жұмыс берушінің бірінші кезектегі міндеті және оның басқа кредиторлардың алдында артықшылығы бар.

Прокуратура "К" ЖШС-нің басқа кәсіпкерлер алдында үлкен көлемде қарызы бар екенін анықтады.

Осылайша, "М" жалған қарызды қалыптастыру және өз міндеттемелерін орындаудан жалтару арқылы ақша қаражатын алуға тырысқан.

Алмалы №2 аудандық сотының 12.05.2020 жылғы шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды, атқарушылық жазба заңсыз деп танылды және күші жойылды (шешім 10.08.2020 жылы заңды күшіне енді).

Нотариусқа қатысты заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін жеке ұйғарым шығарылды, ол қазіргі уақытта қаралып жатыр.