Алматыда оқушылар мен студенттер қалай оқиды – Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

0
1 824

Жаңа қаулы COVID-19 мутацияланған штамдарына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығы ескеріле отырып қабылданған.


Алматыда оқушылар мен студенттер қалай оқиды – Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

2 сәуірде Алматы қаласы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус жағдайына байланысты жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Студенттер мен оқушылар 2020-2021 жылғы оқу жылының соңына дейін қашықтан оқиды.

Сауда орталықтары, сауда үйлері жұмыс күндері ашық болады, демалыс күндері жұмыс істемейді.

Жұмыс күндері азық-түлік сатылмайтын жабық базарлардың да қызметіне рұқсат берілді.

Ашық базарлар, сондай-ақ азық-түлік сатылатын жабық базарлардың қызметіне жұмыс күндері мен сенбіде рұқсат етіледі.

Жаңа қаулы COVID-19 мутацияланған штамдарына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығы ескеріле отырып қабылданған.

Қаулы 3 сәуірден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтіні Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.