Алматыда өрт кезінде батылдық танытып, бір адамды құтқарып қалған студент марапатталды

0
384

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 11 маусымға қараған түні Алматы қаласындағы "Көктем-1" шағын ауданында болған.


Алматыда өрт кезінде батылдық танытып, бір адамды құтқарып қалған студент марапатталды

ERNUR.KZ. Өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Тұран" университетінің 3-курс студенті Сраил Дінасыл "Өртте көрген қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, деп жазады Zakon.kz.


Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 11 маусымға қараған түні Алматы қаласындағы "Көктем-1" шағын ауданында болған.

Сраил Дінасыл үйіне қайтып келе жатқанда төртінші қабаттағы балконның жанып жатқанын байқаған. Ол кіре беріске жүгіріп кіріп, өрт боп жатқанын көршілеріне хабарлау үшін есіктерді қаға бастапты.Есіктердің бірі ашық тұрған, одан түтін шығып жатқан.

Дінасыл жерде жатқан адамды көріп, көршілерін көмекке шақырған. Өзі орамалды сулап, пәтерге кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығаруға талпынған. Оған сол үйдің үй тұрғындары Ержан мен Тасмұхан есімді азаматтар көмектесіп, олар бірлесіп, 1954 жылғы ер адамды сыртқа шығарған.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 6 минуттан кейін жеткен өрт сөндіру бөлімшелері өртті сағат 00:21-де сөндіргенін айтты.

Құтқарылған ер адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.