Олар АҚШ пен Еуропа сайттарының қолданушыларына қызмет көрсеткен.
ERNUR.KZ. Алматының Медеу ауданындағы жалға берілген пәтерлердің бірінде порностудия жұмыс істеген, деп жазады tengrinews.kz.
Қылмыс орнында виртуал интим қызметін ұсынған қыздар және Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталғаны айтылады. Ол қыздарға техникалық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген.
Полицияның мәліметінше, "веб-модельдерді" жұмысқа іріктеу жарнама арқылы жүргізілген. Алайда әдетте уәде етілген мыңдаған долларды ешкім де алмаған.
"Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардан процестік тәртіпте жауап алынады, қылмыстық заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады", - дейді полиция өкілдері.