Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған өрескел деректі тексеріп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда самокат мінген жалаңаш адамдар видеоға түсірілді, деп жазады tengrinews.kz.
Видео krisp_almaty Instagram-парақшасында пайда болды.
"Әл-Фараби даңғылы мен Бейбітшілік көшесінде адамдар самокатпен жалаңаш жүрді, ұят та, ар-ұждан да жоқ, оларға айыппұл салынады деп сенемін", - деді жазба авторы.
"Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған өрескел деректі тексеріп жатыр. Құқықбұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде анықталып, жазаланады", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.