Алматыда самокатпен келе жатқан қыз көліктің есігіне соғылып қайтыс болды

0
558

Биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркелген.


Алматыда самокатпен келе жатқан қыз көліктің есігіне соғылып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Марков көшесінде сағат 8:05-те болды. Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі есігін ашқан кезде, оған самокатпен келе жатқан қыз соғылған.

Оқиға салдарынан қыз орталық қалалық ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.