Алматыда шетелдіктерді ойыншық қарумен қорқытып, тонап кеткен

0
698

Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады.


Алматыда шетелдіктерді ойыншық қарумен қорқытып, тонап кеткен

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз 5 адам шетелдіктердің жалға алған үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, ақша беруін талап еткен. Осылайша, қарақшылар олардан 3 миллион теңге мен 13 мың доллар (5 миллион 907 мың 882 теңге, 1 доллар - 454,45 теңге) тартып алған.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

"Шетелдіктерге шабуыл жасағандар ұсталды. 5 күдікті 1999, 2001, 2003 жылдары туған. Олар Алматы облысында тұратыны анықталды. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т. бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Ол зардап шеккендермен жұмыс істеген әрі олардың табысы туралы білген. Қылмыстың хронологиясы мен күдіктілердің қалай дайындалғаны белгілі болды. Мұнда бейнебақылау жүйелері маңызды роль атқарды. Айғақтар, оның ішінде 2 ойыншық тапанша тәркіленді", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.