Алматыда сот заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты үкімнің күшін жойды

0
656

Талғат Нұртаев заңгердің өліміне кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталған.


Алматыда сот заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты үкімнің күшін жойды

ERNUR.KZ. Алматыда апелляциялық сот заңгер Айман Асанованы 18 рет пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуіне қатысты үкімнің күшін жойды, деп жазады stan.kz.

Талғат Нұртаев заңгердің өліміне кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталған. Алайда тергеу изоляторындағы әр күні 2 күнге теңестірілгендіктен Нұртаев 9 ай ғана жазасын өтейді.

Даулы іске қатысты сот үкімі қоғамда наразылық туғызған еді. Ал 27 маусымда авдокат Жохар Өтебеков апелляциялық сотта жеңіске жеткенін мәлімдеді.

"Алматы қалалық соты Айман Асанованы өлтірген адамға қатысты жеңіл жазаның күшін жойды. Сот менің арызыммен толықтай келісті. Біздің фирма жұмысты жоғары деңгейде атқарды. Нұртаев тергеу изоляторында қалады. Жақында ол бостандыққа шығуы керек еді (жаза мерзімі аяқталды). Аудандық сотта істі қайта қарайды. Судья да басқа, Майшинов емес. Қолдауларыңызға көп рахмет", – деп жазды адвокат.

Еске салайық, Алматылық заңгер Айман Асанованың жантүршігерлік өлімі халықты дүрліктірген еді. Бұған дейін сотта мүлікке талас барысында дау туып, марқұмның бұрынғы күйеуінің намысына тигені айтылған.

Сот үкімімен Айман Асанованы Талғат Нұртаевтың өлтіру фактісі толық дәлелденді. Судья Нұртаевтың кінәсін ішінара мойындауын және кішкентай балалардың болуын ескеріп, жазасын жеңілдеткен. Кейін Жохар Өтебеков қылмыс сәтінің видеосын жариялады.