Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

0
1 003

Дереу қауіпсіздік бекеттері қойылды.


Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

ERNUR.KZ. Медеу ауданында су құбырының жарылып, топырақ көшкіні болды, деп жазады inform.kz

«Бүгін таңғы сағат 09: 30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында, көлемі 30 текше метр топырақ көшті. Нәтижесінде жол өтуіне кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Дереу қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Жалпы сырғымалар табиғи және техногендік сипаттағы түрлерге бөлінеді: Табиғи – топырақтың ылғалданып батпақтануына және техногендік сипаттағы -құбырлардың ақаулары, суды бақылаусыз пайдалану, беткейлерге жүктеме және тағы басқа себептерінен пайда болады.

Осыған байланысты сырғыма, топырақ көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлер салу ұсынылмайды;

- Үйлерді салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін таудың баурайын кесу ұсынылмайды;

- Герметикалық емес септиктерді, дәретханаларды және т. б. пайдалануға тыйым салынады;

- Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбыры және суару құбырларының жай-күйін ұдайы бақылап отыру ұсынылады;

- Суармалы суды пайдалануды бақылаңыз.