Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжатын сатқаны анықталды

0
527

Вакцинация паспорттарының құны 15 мың теңге тұрады деп болжануда.


Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжатын сатқаны анықталды

ERNUR.KZ. Алматыда тағы бір емхананың қызметкерлері вакцинация төлқұжаттарын сатты деген ақпарат тарады, деп жазады Stan.kz.

Мұндай ақпарат желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушылары хабарлағандай, № 4 қалалық емханада медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері анықталды. Медициналық ұйым қызметкерлері жалған вакцина паспорттарын сатқан. Вакцинация паспорттарының құны 15 мың теңге тұрады деп болжануда.



"Медицина қызметкерлері мен көмекшілерінің, соның ішінде бас дәрігерлердің мұндай фактілері бұқаралық вакцинация процесін төмендетеді. Бұл қазірдің өзінде саяси мәселе. Вакциналарды сатып алуға бюджеттен көп қаржы бөлінеді. Бұлай паспорт сатылатын болса, салық төлеушілердің ақшасы босқа кетеді. Бұл Алматыдағы бірінші жағдай емес екенін ескере отырып, мұндай жағдайлардың ауқымы мен жиілігіне болжам жасауға болады", - дейді жазба авторы.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері құқық қорғау органдарымен тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Медицина қызметкерлерінің жалған вакцинация паспортын сату фактісі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда 15 мың теңгеге делдал бірнеше клиника атынан вакцинация туралы электрондық паспорт сатып келген.