«Қапсырма» Түркістанға қайта оралды

0
124

Қайта оралған қазына


«Қапсырма» Түркістанға қайта оралды

Түркістанға Қабірхана бөлмесінің оюлы ағаш есігі – «Қапсырма» қайта оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде XIV ғасырдан бері сақталып, соңғы жылдары Алматыдағы ғлыми реставрациялық зертханада реставрациядан өтіп келген Қабірхана бөлмесінің оюлы ағаш есігі – «Қапсырманың» таныстырылымы болып өтті.


Реставрациялаудан өтіп, Түркістанға қайта оралған Қабірхана есігі«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы «Сирек жәдігерлер музейінің» экспозициясына қойылған болатын.


Шара барысында Түркістан облысы Мәдениет басқармасының «тарихи мәдени құндылықтарды қорғау» бөлімінің басшысы Омар Абдуллаұлы және «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Мейірбекұлы Қабірхана есігінің қайта қалпына келтірілуі жайлы, есіктің музей-қорық үшін маңыздылығына тоқталды. Ал, Сәулет реставрациялық жұмыстар бөлімінің реставраторы Нұржан Әлімханұлы қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізілгенін баяндады. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы, Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы есіктегі жазбалардың мағынасын түсіндірді.


2018 жылдан бастап екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижелері6 ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келген қасиетті есіктің сыр бере бастағандығын көрсетті. Атап айтқанда, зиянкестер іштей кеулеп, есіктің жай-күйін қауіпті жағдайға жеткізген. Соған байланысты 2021 жылы есік Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын.


Қалпына келтіру жұмыстарын «Остров Крым» ғылыми қалпына келтіру лабораториясының мамандары суретші-реставратор, білікті маман, зертхана басшысы Қырым Алтынбековтың жетекшілігімен жүргізді. Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды.


Асқан ұқыптылықпен, бес жыл жүргізілген қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылып, термиттер кемірген қуыс жерлері толтырылып, заманауи реставрация талаптарына сай қалпына келтірілді. Бұл қасиетті есіктің әрі қарай сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сол дәуірдің қолөнер шеберлігін, рухани танымын көріп білуге, сонымен қатар осы уақытқа дейін оқылмай келген терең сырлы жазуларды оқуға мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу