Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған
Алматыда 23 ақпанда Медеу биік таулы сел бөгетінен ер адамның денесі табылды, деп жазады Stan.kz.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің мәйіті табылған.
“Аталған факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған", - делінген хабарламада.
Фото: volontery_lider.kz_almobl
Ведомство мәліметінше денесі табылған 19 жастағы жігіт Сержан Жәкежан.
"Лидер" еріктілер қозғалысының айтуынша, өлімнің себебін тергеу анықтамайынша жария етілмейді.