Алматыда ұлттық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жаңа жатақхана енгізілуде

0
566

Жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады.


Алматыда ұлттық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жаңа жатақхана енгізілуде

Бүгінде Алматыда жатақханалардың жетіспеушілігі ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Ағымдағы жылы қалада жеке инвестициялар есебінен 4 010 төсек-орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандығы бар ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Заманауи барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды.

Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.

Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда.