Алматыда заңгер-әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

0
1 014

1971 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Алматыда заңгер-әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда заңгер-әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп жазады Stan.kz.

"Алматы қаласында жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

1971 жылғы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Кісі өлтіру” фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

42 жастағы әйелге шабуыл 8 қазан күні сағат 23:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болған. Көптеген пышақ жарақатын алған әйел жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 12 қазанға қараған түні ол көз жұмды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Күдіктінің аты-жөні анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығының жіті бақылауында", - делінген полиция хабарламасында.