Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды

0
636

Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.


Алматыда заңгер әйелді пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Заңгерге 18 рет пышақ сұққан оның бұрынңы жұбайы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотта анықталғандай Н. 2022 жылы 8 қазаннан 9 қазанға қараған түні бұрынғы жұбайын үйінің жанында күтіп тұрған.
Ер адам оған мүлікті бөлу жөнінде талап қояды.
"Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осылайша бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығады. Осы кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 мәрте соққы жасайды. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттың салдарынан әйел ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады қалалық соттан.
Прокурор мен жәбірленуші тарап судьядан оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Алқабилер айыпкерді қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.
Сот айыпталушыны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталушы кінәсін мойындамады, ол жұбайын ерекше толқу жағдайында өлтіргенін мәлімдеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.