Бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы "Ақжар" шағынауданында салынып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда заңсыз салынып жатқан "Жайсаң" тұрғын үй кешені бұзылады, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы "Ақжар" шағынауданында салынып жатыр.
"Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек", - деді басқарма өкілдері.