Алматыда зейнеткерлерді алдап соққан «көріпкелдер» қолға түсті

0
2 611

Ұсталған екі әйел де уақытша ұстау изоляторына қамалды


Алматыда зейнеткерлерді алдап соққан «көріпкелдер» қолға түсті

ERNUR.KZ. Алматыда заңсыз баю мақсатында адамдардың сеніміне кіріп, ақша жымқырған екі әйел ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бір жағдайда шығын 3 миллион теңгеден астам болса, екіншісінде 2 200 000 теңгені құрады. Зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін көріпкел ретінде көрсетіп, азаматтарды дуаны жоюға және байлықты тартуға болатынына сендіргені белгілі болды. Жәбірленушілерді өңдеу деп аталатын іс-әрекетке бірнеше минут кеткен. «Көріпкел» рәсімді орындау үшін үйдегі барлық қолма-қол ақшаны алып келуді өтінен. «Қолдың ептілігімен және ешқандай алаяқтық жоқ» – бірнеше секунд ішінде ақшалар қарапайым қағазға ауыстырылады. Жәбірленушілерге «байлықты» күту ғана қалады.

«Алдаудың тағы бір нұсқасы одан да сорақы болып шықты. Қылмыскерлер өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырды және пәтерге кірген кезде сыйлықтар мен жәрдемақыларды алу үшін ардагерлер тізіміндегі деректерді нақтылауды сұрайды. Бірі «тексерумен» айналысқан кезде, екіншісі ақшаны іздейді. Сондай бір сәтте пәтерлердің бірінен екі миллион теңгеден астам қаражатты «тауып» алады», - делінген хабарламада.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін Алматы облысының 1982 және 1986 жылы туылған тұрғындары ұсталды. Ұсталғандардың бірі бұған дейін осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі ұлғаюы мүмкін.

Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.