Алматыда зертхана басшысы жұмысқа тұрғызу үшін пара алған

0
1 404

Жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр


 Алматыда зертхана басшысы жұмысқа тұрғызу үшін пара алған

ERNUR.KZ. Алматыдағы ветеринариялық зертхананың басшысы қарамағындағы қызметкерлерден тұрақты түрде пара алып келген. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қалалық департаменті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы өңірлік филиалы директоры мен оның орынбасары - Жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді ол.

Департамент басшысының дерегінше, олар азаматтан және филиалдың бағынышты қызметкерлерінен жұмысқа орналастыру, қызметте жалпы қаморлығы және атқарып отырған лауазымдарынан босатпау үшін бірнеше рет жүйелі түрде жалпы сомасы 360 мың теңге пара алған. «Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - деді Арман Бердалин.