4 наурызда велошеринг Instagram-парақшасында жаңа маусымда велосипедтерді жалға беру мүмкін емес екені туралы ақпарат пайда болды.
ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі танымал велошеринг мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
4 наурызда велошеринг Instagram-парақшасында жаңа маусымда велосипедтерді жалға беру мүмкін емес екені туралы ақпарат пайда болды.
"Құрметті қолданушылар, жобаны іске қосуға қатысты сұраныстардың көбеюіне байланысты хабарлаймыз: 2024 жылға арналған сервистік келісімнің болмауына байланысты жалға бері қызметін іске қосу мүмкін емес. Әзірге болжам анықталған жоқ, іске қосу уақыты белгісіз. Барлық сұрақтар бойынша Алматы әкімдігінің қалалық мобилділік басқармасына хабарласуды сұраймыз", - деді қызмет өкілдері.
Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді.
"Қазіргі уақытта велосипедтерді жалға берудің автоматтандырылған жүйесінде велосипедтерге жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті жоспарлы жөндеу, соның ішінде жалға беру станцияларында жұмыстар аяқталғаннан кейін велосипедтер қаланың велостанцияларына қойылады. Сонымен қатар, қалалық мобилділік басқармасы сервистік компанияны анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.