Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

0
646

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Алматыда жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жаңа туған сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы полициясы жаңа туған сәбиін Жамбыл облысының тұрғынына сатпақ болған Өзбекстанның азаматтары ерлі-зайыптыны ұстады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, ал Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Орал қаласында 17 жастағы қызды алдау арқылы жезекшөлікке салған Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

«Маңғыстау облысында шаруа қожалығының басшысы 59 жастағы азаматты күштеп, мамыр мен маусым аралығында мәжбүрлі түрде жұмысқа жегі фактісін анықтады. Барлық факті бойынша сотқа дейінгітергеу жүргізіліп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз.