Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін

0
595

Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарланды.


Алматыда жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сәйкес, 12 сәуірде қатты жауын жауып, таулы аймақтарда су деңгейінің көтерілуі ықтималдылығы жоғары, деп жазады sputnik.kz.

"Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы ықтимал", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты төтеншеліктер тұрғындарды арықтарды қоқыстан тазартуға шақырды.
Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталатыны туралы жазған едік.