Алматыда жасырын ойынхана ұйымдастырған тұрғын 4 жылға сотталды

0
706

Ол төтенше жағдай кезінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.


Алматыда жасырын ойынхана ұйымдастырған тұрғын 4 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда төтенше жағдай кезінде жасырын ойынхана ұйымдастырған адам сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған астыртын казино ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


«Осы жылдың мамыр айында жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында Алматыда «Ойын бизнесі туралы» заңның талабын бұзған жасырын казино анықталды. Тексеру кезінде мекемеде ойыншылар мен жұмысшылар болған, әрі покер үстелі, 13 дана ойын автоматы, рулетка үстелі, сондай-ақ, компьютерлік техника, ноутбук, теледидарлар және ұлттық және шетел валютасындағы ақша тәркіленген»,– деп хабарлады қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.


Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен жасырын ойынхана ұйымдастырушы ҚР Қылмыстық кодесінің 307-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына («Аса ірі мөлшерде табыс табу және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») сәйкес кінәлі деп танылды.

Оған 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.