Әлеуметтік желіге шыққан видеодан Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында ер адам жүріп бара жатқан автобустың алдына шығып, тұрып алғанын көруге болады.
ERNUR.KZ. Алматыда жолдың бойында автобус жүргізушісі мен жаяу жүргінші арасында сөзге келіп қалды, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіге шыққан видеодан Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында ер адам жүріп бара жатқан автобустың алдына шығып, тұрып алғанын көруге болады. Себебі ол басқа көлікті автобустың алдынан өткізгісі келген. Бірақ автобус жүргізушісі көлікті тоқтатпай, алға қарай жүре берді. Салдарынан жаяу жүргіншіні алдындағы автобусқа қыса жаздады. Кейін екеуінің арасында жанжал шықты.
Алматы қалалық полиция департаменті көлікке жол беру және қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережелерін сақтамау туралы жол ережесі талаптарын орындамағаны үшін автобус жүргізушісі жауапқа тартылғанын, ал жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.